Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады

Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады

Павлодар облысы бойынша Департаменті 2026 жылғы 1 қазанда 2025 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.

2025 жылға Павлодар облысының тұрғындарына мүлік салығы бойынша барлығы 346,6 млн теңгеге жуық есептелінді (260 мыңнан астам салық төлеуші). Бүгінгі таңда бюджетке 124,6 млн. теңгеге жуық қаражат түсті.

Бұл ретте өңірдің 28 мыңнан астам тұрғыны өткен кезеңдердегі салықты әлі күнге дейін төлемеген және жалпы сомасы 42 млн. теңгеге жуық берешегі бар.

Салық сомасын қалай білуге және төлеуге болады?

Мүлік салығын төлеу жылжымайтын мүлік нысанының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

Мүлік салығының сомасын «e-salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисінде», «Halyk Bank», «Kaspi Bank» және басқа да банктердің қосымшалары арқылы деректемелер бойынша білуге әрі бір мезгілде төлем жасауға болады.

Сонымен қатар мүлік салығының сомасын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің portal.kgd.gov.kz порталындағы «Сервистер» бөліміндегі «ЖТ алдағы төлемдері мен берешегі» қосымша бетінде, SalyqBot сілтемесі бойынша Telegram арнасындағы Чат-бот арқылы және 1414 бірыңғай Контакт-орталығына хабарласып білуге болады.

Банктер мен банкоматтар арқылы төлеуге арналған деректемелер:

- БСК (Бюджеттік сыныптау коды) – 104102

- ТТК (Төлем тағайындау коды) – 911 (өсімпұл төлеу кезінде – 912)

Төлем мерзімін өткізіп алудың салдары қандай?

2 қазаннан бастап салықты мерзімінде төлемеген азаматтарға қатысты келесі шаралар қолданылады:

  1. Банктік қызметтерді шектеу: борышкерлер банк есепшотын аша алмайды, ақша аудара алмайды немесе кредит рәсімдей алмайды.
  2. Өсімпұл есептеу: мерзімі өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
  3. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары:

- 1 АЕК-тен асатын борыш кезінде хабарлама тапсырылған күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң салықтық бұйрық шығарылады;

- егер борыш 5 жұмыс күні ішінде өтелмесе, бұйрық жеке сот орындаушыларына (ЖСО) беріледі;

- ЖСО қатаң санкцияларды қолданады: банк есепшоттары мен мүлікті бұғаттау, сондай-ақ Қазақстан шегінен тыс жерлерге шығуға тыйым салу. Қосымша борышкерден ЖСО қызметіне ақы төлеу үшін борыш сомасының 25%-ына дейін ұсталады.

Құрметті салық төлеушілер, сіздерді төлемді кейінге қалдырмай, мүлік салығын уақытылы төлеуге шақырамыз!

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы