Ұйғыр ауданында әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысы қаралды

Ұйғыр ауданында әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысы қаралды

28 тамызда Алматы облысының әкімі М.Е. Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары аясында Алматы облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушысы Болатжан Саймасайұлы Нұрбеков Ұйғыр ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нысандар араланып, олардың жұмысымен танысу жүргізілді. Атап айтқанда, Рахат ауылындағы «СПК BIG FISH» ЖШС-нің қызметі таныстырылып, ауданның шаруа қожалықтары өкілдерімен кездесу өтті. Сондай-ақ «ТуздыБастау» ЖШС-нің сульфат натрия өңдеу зауытының жұмысы қаралды.

Жұмыс сапары барысында ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің Ұйғыр аудандық бөлімінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысу жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, Шонжы ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысы қаралды.

Кездесу барысында Ұйғыр ауданының тұрғындары жеке қабылданып, аудан тұрғындарымен есептік кездесу өткізілді. Жиында аудан әкімінің және облыс әкімінің баяндамалары тыңдалып, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Сапар соңында «COMPASS» жанар-жағармай құю станциясының жұмысымен танысу және Шошанай ауылындағы жаңа спорт кешенінің ашылуына қатысу ұйымдастырылды. Жаңа спорт нысаны балалар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасауға, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.