Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өздеріне қабылдайды.
Заңның 12-бабының 6) тармақшасында құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектеу белгіленген:
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген анықтамаға сәйкес келетін ойын мекемелерінде;
бұл үшін арнайы бөлінбеген орындарда;
телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы.
Аталған шектеу 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 14-бабы 8-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметші, сондай-ақ мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам:
мемлекеттік лауазымға кіріскен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңында белгіленген тәртіппен құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға өзін-өзі шектеуге міндетті.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 67-бабының 19-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамау мемлекеттік қызметті теріс себептер бойынша тоқтатуға негіз болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау — әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы.