Құрылтай сайлауы күні Жаңақорған кентінде тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуі үшін қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетуде.
Аталған күні кент көшелерінде барлығы
3 автобус қатынап, олар 3 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетуде.
Тегін қоғамдық көлік қызметі әсіресе қарттар үшін қолайлы. Жауапты мамандардың айтуынша, мұндай шаралар тұрғындардың қоғамдық-саяси науқандарға белсенді қатысуына мүмкіндік береді.