АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ
Қазақстан Республикасы Президентінің №1295 Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
 
Салтанатты жиында аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев марапаттарды табыстап, аналарды мерейлі марапаттарымен құттықтады.
 
«Сіздер – ұлттың ұйытқысы, отбасының берекесі, ел болашағын тәрбиелеп отырған ардақты аналарсыздар. Бүгінгі марапат – өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі ерен еңбектеріңізге берілген жоғары баға. Аналық мейірімдеріңіз әр шаңыраққа жылулық сыйлап, қоғамымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және перзенттеріңіздің қызығын көруді тілеймін», – деп ізгі тілегін жеткізді.
 
Ардақты аналарды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық, ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!