Астанада LCOY Kazakhstan 2026 Ұлттық жастар конференциясы өтті

Астанада LCOY Kazakhstan 2026 Ұлттық жастар конференциясы өтті

2026 жылғы 28–29 тамызда Астана қаласында LCOY Kazakhstan 2026 климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі Ұлттық жастар конференциясы өтті.

Конференция барысында халықаралық климат саясаты, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптарының 31-конференциясының рөлі мен перспективалары, Қазақстан Республикасының ҰДАҮ 3.0-ін іске асыру, жастардың климаттық бастамаларын қолдау, сондай-ақ экологиялық және климаттық жобаларды дамыту мәселелері талқыланды.