«Қақпа алдындағы кездесу»

«Қақпа алдындағы кездесу»

Кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған мекемеде босатылуға жататын сотталғандармен «Қақпа алдындағы кездесу» атты профилактикалық іс-шара өткізілді.

Кездесуге Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік жобалар саласының және Түрксіб аудандық пробация қызметінің мамандары қатысты.

Мамандар босатылғаннан кейінгі әлеуметтік бейімделу, жұмысқа орналасу, мемлекеттік қызметтерді алу, сондай-ақ әкімшілік қадағалау мен пробациялық бақылау талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында сотталғандардың сұрақтарына жауап беріліп, қоғамға қайта бейімделуге бағытталған практикалық ұсынымдар мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынылды.

Басты мақсат — әрбір босатылатын азаматқа қоғамға сәтті қайта бейімделуге қажетті қолдау көрсету.