Ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты ережелерді түсіндірді

Ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты ережелерді түсіндірді

Ағарту министрлігі мектеп формасына қатысты ережелерді түсіндірді.

Ағарту министрінің бірінші орынбасары Шынар Ақпарованың айтуынша, мектеп формасына қойылатын талаптар №26 бұйрықпен реттеледі. Мектеп ережелері оқушылардың ғимарат ішінде бас киім киюіне тыйым салуы мүмкін.

Ереже бұзушылық анықталған жағдайда, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшісі және әлеуметтік педагог алдымен оқушымен және оның ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Егер ереже бұзушылықтар жалғаса берсе, бұзушылық сипаты мен қолданыстағы заңнамалық талаптарға сәйкес ата-аналар немесе заңды өкілдер жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Мектеп форманың үлгісін қамқоршылық кеңесімен, ата-аналар комитетімен және өзін-өзі басқару органдарымен ақылдаса отырып айқындайды. Дегенмен, мектептің ата-аналарды форманы белгілі бір өндірушіден немесе нақты бір дүкеннен сатып алуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

Сонымен қатар, Ағарту министрлігі Қазақстандағы білім беру жүйесінің зайырлы сипатқа ие екенін атап өтті.