Отбасын қолдау орталығының мамандары қорғаншылық және қамқоршылық бөлімімен бірлесіп, сүйемелдеуде тұрған отбасына барды.
Бару барысында баланың тұрмыс жағдайы зерделеніп, заңды өкілімен профилактикалық әңгіме жүргізілді, сондай-ақ кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша ұсынымдар берілді.
Отбасын сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда және бақылауда тұр. Мұндай барулардың негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіз өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету және көмекке мұқтаж отбасыларға уақтылы әлеуметтік қолдау көрсету.