Жания Бекмухамбетова Словенияның Оточец қаласында өткен үстел теннисінен беделді WTT Youth Contender сериялы турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Жания Бекмухамбетова Словенияның Оточец қаласында өткен үстел теннисінен беделді WTT Youth Contender сериялы турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының өкілі U13 жас санатында айқын басымдық танытты. Жарыс барысында спортшы Словения, Үндістан, Сингапур және Хорватия елдерінен келген қарсыластарын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Финалдық кездесуде Бекмухамбетова Сингапур спортшысы Хуан Кристалдан басым түсіп, матчты 3:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Жанияны жеңісімен құттықтаймыз!