Рамина Маханова — Польшадағы «Silesian Open» турнирінің жүлдегері

Рамина Маханова — Польшадағы «Silesian Open» турнирінің жүлдегері

Қостанайлық спортшы Рамина Маханова Польшадағы Гливице қаласында аяқталған халықаралық «Silesian Open» турнирінде қола жүлдегер атанды. Отандасымыз 19 жасқа дейінгі (U19) қатысушылар арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштіктің қатарына енді. Ауқымды спорттық додаға 18 мемлекеттен 200 спортшы қатысты.