Ақтауда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде

Ақтауда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде

Ақтау қаласында жолдарды күтіп-ұстау шартына сәйкес мердігер мекеме тарапынан күнделікті санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, орталық автомобиль жолдарында 2 арнайы техниканың көмегімен су себу арқылы жолдарды сыпыру және тазалау жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, 40-қа жуық жұмысшы жұмылдырылып, жол жиектерін қолмен сыпыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар бекітілген күнделікті кестеге сәйкес тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі