Қызылорда облысында есірткі қылмысының алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың ақпараттық және құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Қызылорда облысында есірткі қылмысының алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың ақпараттық және құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

Осы орайда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармаларының қызметкерлері қала тұрғындары көп шоғырланатын орындардың бірі — Aray City Mall ойын-сауда орталығында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға есірткі заттарының қауіптілігі, олардың адам ағзасы мен психикасына тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар интернет алаяқтықтың алдын алу және киберқауіпсіздік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бір күннің ішінде тұрғындарға 200-ден астам ақпараттық жадынама таратылды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды есірткіден аулақ болуға, интернеттегі қауіп-қатерден сақ болуға және өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырады.