1 қыркүйекте көлікті үйде қалдыруға шақырамыз — Алматы әкімдігі мен полиция

1 қыркүйекте көлікті үйде қалдыруға шақырамыз — Алматы әкімдігі мен полиция

Жаңа оқу жылы қарсаңында көшелерде кептелістің күшеюіне байланысты алматылықтарға үндеу жасалды.

Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ешанқұлдың айтуынша, күн сайын қалалық бағыттарға 3 232 автобус пен троллейбус шығып, 1,6 миллионға жуық жолаушыны тасымалдайды. Дегенмен, 1 қыркүйектен бастап резервтегі көліктердің есебінен кейбір бағыттарда қоғамдық көлік санын көбейту жоспарланып отыр. Ең алдымен, қосымша автобустар мектептердің жанынан өтетін маршруттарға қосылады.