2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмаудың, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының профилактикасы туралы

2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмаудың, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының профилактикасы туралы

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 11 «2026–2027 жылдардағы эпидемиялық маусымда тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы қабылданды.

Мұндай қаулылар жыл сайын күзгі-қысқы кезең қарсаңында қабылданады және халық арасында тұмаудың, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмауға, денсаулық сақтау ұйымдарының және басқа да объектілердің сырқаттанушылықтың маусымдық өсуіне дайындығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ эпидемияға қарсы шараларды уақтылы қабылдауға бағытталған.

Қаулы шеңберінде бірнеше негізгі бағыт бойынша бірқатар іс-шаралар көзделген:

  • тұмауға қарсы вакцинация жүргізу және медициналық ұйымдардың иммундау жүргізуге дайындығын қамтамасыз ету;
  • сырқаттанушылықтың маусымдық өсуіне денсаулық сақтау жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету, оның ішінде төсек-орын қорын, мобильді бригадаларды және дәрілік заттар қорын дайындау;
  • тұмауға, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясына эпидемиологиялық және зертханалық қадағалауды күшейту;
  • білім беру ұйымдарында профилактикалық іс-шараларды жүргізу, оның ішінде сабаққа қатысуды мониторингтеу және таңертеңгілік сүзгілерді ұйымдастыру;
  • халық арасында респираторлық инфекциялардың профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Қаулының мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/documents/details/1059144?lang=kk