2026 жылы жалпы ұзындығы 8,8 км жылу желісін ауыстыру жоспарланған, оның ішінде:
- магистральдық желілер — 4,5 км;
- кварталішілік желілер — 4,3 км.
Бүгінгі таңда 8,2 км жылу желісі ауыстырылды.
Жөндеу жұмыстарын барлығы 8 учаскеде жүргізу қарастырылған:
- 6 учаскедегі жұмыстар толық аяқталды;
- 1 учаскеде монтаждау жұмыстары аяқталды, қазіргі уақытта жылу желілерін оқшаулау жұмыстарын жүргізу жоспарда;
- 1 учаскеде жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі