«Нашақорлыққа жол жоқ!» атты ақпараттық түсіндіру жұмыстары
2026 жылғы 27 тамызда нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тұрғындарға «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ақпараттық брошюралар таратылды.
Іс-шара барысында есірткі заттарының адам денсаулығына және қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндіріліп, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын ақпараттар ұсынылды.
Нашақорлыққа жол жоқ! Салауатты болашақ — өз қолымызда!