Ақсуат ауданында «Жаңа халықтық Конституция» нормалары мен құндылықтары: адам капиталын дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында аудандық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді

Ақсуат ауданында «Жаңа халықтық Конституция» нормалары мен құндылықтары: адам капиталын дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында аудандық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді

Ақсуат ауданында «Жаңа халықтық Конституция» нормалары мен құндылықтары: адам капиталын дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында аудандық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.

Аталған іс-шараға Ақсуат ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының тарих, география және құқық пәндерінің 25 педагогі қатысты.

Секциялық отырыс барысында педагогтерге 2026–2027 оқу жылының негізгі ерекшеліктері түсіндіріліп, білім беру саласындағы басым бағыттар талқыланды. Іс-шара аясында 5 мазмұнды баяндама ұсынылып, қазіргі білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді қолдану, сондай-ақ адам капиталын қалыптастыру мен дамытудағы жаңа Конституцияның рөлі жан-жақты қарастырылды.

Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, сабақ барысында заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану жолдары бойынша пікір бөлісті. Сонымен қатар білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілеттерді дамыту және оқушының тұлғалық әлеуетін қалыптастыру бағытындағы жүйелі ойлар мен өзекті мәселелер ортаға салынды.

Жаңа оқу жылы барша білім беру саласының мамандарына толағай табыс, шығармашылық жетістіктер мен жемісті нәтижелер әкелсін!!!