Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Жол-көлік инспекциясы тобы мен Үгіт-насихат тобының қызметкерлері бірлесіп, қала аумағындағы балабақшаларды аралап, балаларды тасымалдауға арналған көлік құралдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін зерделеді.

Іс-шара барысында көлік құралдарында «Балаларды тасымалдау» танымдық белгісінің болуы мен дұрыс орналастырылуына, сондай-ақ балаларды қауіпсіз тасымалдауға қойылатын талаптардың сақталуына ерекше назар аударылды.

Мұндай профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – бүлдіршіндердің жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балаларды тасымалдау кезінде жол қозғалысы талаптарының қатаң сақталуына ықпал ету.