ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 2 қыркүйек Ақтоғай ауданы әкімдігінің ғимаратында  үлкен мәжіліс залында сағат 11-00-де VIІІ шақырылған Ақтоғай аудандық мәслихаттың кезектен тыс LVIІ (57) сессиясы шақырылады.   

          Сессия Күн Тәртібінің қарауына келесі мәселелер енгізіледі:    

1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы  «2026-2028 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» № 234/42 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Ақтоғай ауданының  экономика және бюджеттік  жоспарлау бөлімінің басшысы – Жумагулова Куляйм Қайырқызы.

2. Ақтоғай ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.

Баяндамашы: Ақтоғай ауданының  жер қатынастар бөлімінің басшысы – Шорманов Махмет Жасуланұлы.     

3. Ақтоғай ауданының әкімдігінің ұсынылған дербес құрамын келісу туралы. 

4. Ақтоғай ауданының терроризмге қарсы комиссиясын құру туралы.

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы.

6. Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның жаңа құрамын бекіту туралы.

Баяндамашы: Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы – Уюкбаев Беслан Ерланұлы.

7. Ақтоғай аудандық мәслихатының ережесін бекіту.

Баяндамашы: Ақтоғай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы – Аксаков Асхат Мыңжасарұлы.