Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

2026 жылғы 26 тамызда фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Нурмаганбетова Д.С. «Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру» тақырыбында түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында лицензия алу тәртібі, қызмет алушыларға қойылатын талаптар және құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы тапсыру тәртібі түсіндірілді.
Іс-шараға қатысушылар өтініш беру, қажетті құжаттар және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша сұрақтар қойып, оларға қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндірмелер берілді.