Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаровтың төрағалығымен аудан әкімдігінің отырысы өтті. Отырыста 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және жолдарды қысқы күтіп-ұстау мәселелері қаралды.
Аудан әкімі дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтауды, жылу беру нысандары және әлеуметтік нысандардың әзірлігін қамтамасыз етуді, қажетті отын мен материалдар қорын қалыптастыруды тапсырды.
Сонымен қатар жол техникасын қысқы кезеңге дайындау және ауа райы қолайсыз болған жағдайда жедел шаралар қабылдау бойынша нақты міндеттер қойылды. Тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынды.