Ақтауда шағын ауданішілік арамшөптер алынуда

Ақтауда шағын ауданішілік арамшөптер алынуда

Ақтау қаласында тұрғындардың өтініштері негізінде шағын аудандар аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Қураған өсімдіктер мен арамшөптерді алу жұмыстары 21 және 38-шағын аудандарда жүргізілді.

Аталған жұмыстарға 80-ге жуық коммуналдық қызметкер мен 4 арнайы техника жұмылдырылды.

Алдағы уақытта қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі