Жұқпалы аурулардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша семинар өткізілді

Жұқпалы аурулардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша семинар өткізілді

2026 жылғы 27 тамызда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Теміржолсу-Қарағанды» ЖШС қызметкерлері арасында жұқпалы аурулардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинардың мақсаты – сібір жарасының клиникасы, емдеуі, алдын алуы және анықталуы мәселелерін түсіндіру, сондай-ақ Қарағанды өңіріндегі сібір жарасы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтер ұсыну. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің негізгі міндеттері және сыбайлас жемқорлық пен оның көріністерін жоюға мүмкіндік беретін шаралар түсіндірілді. Сонымен қатар, құтыру сияқты аса қауіпті аурудың алдын алу мәселелері қамтылды. Семинар соңында қатысушылармен алған білімдері бойынша пікір алмасу жүргізіліп, жадынамалар, лифлеттер және буклеттер таратылды. Қатысушылардың барлық қойылған сұрақтарына мазмұнды жауаптар берілді.