Ағымдағы жылдың 27 тамызында Қарағанды-Сұрыптау станциясында «Шатыр» ЖШС қызметкерлері арасында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинардың мақсаты – кір жуу орындарына қойылатын талаптарды, атап айтқанда, кір жуу бөлмелерін, ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықтарды күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі талаптарды бірыңғай түсінуді және практикалық қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ міндетті медициналық тексерулер мен персоналды гигиеналық оқытуға қойылатын талаптарды түсіндіру. Сонымен қатар, қатысушылар ішек инфекцияларының алдын алу шараларымен және аса қауіпті инфекциялардың, атап айтқанда, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаның ерекшеліктерімен танысты. Іс-шара соңында жұқпалы аурулардың, ӨСОА және артериялық гипертензияның алдын алу бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша семинар өткізілді