ШҚО-да облыстық мәслихаттың XXX сессиясы барысында Шығыс Қазақстан облысының логотипі бекітілді.
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ» деген жазу, ұлттық ою-өрнектер мен өңірдің даму белгілері – ғылым мен өнеркәсіп бейнеленген логотиптің ортасында аймақтың әсем де алуан түрлі табиғаты көрініс тапты.
Бұл - өңірдің өзіндік келбетін айшықтайтын маңызды нышан. Аспан, күн, таулар, ормандар, өзендер, көк, сары, жасыл және ақ түстер Шығыс Қазақстанның үйлесімі мен табиғи байлығын бейнелейді.