2026 жылғы 18 тамызда аудан әкімі Нұрлан Зарапұлы Тельтаев дәстүрлі тамыз конференциясына қатысып, ауданның білім беру саласының ағымдағы жағдайы мен алдағы оқу жылындағы негізгі міндеттерді талқылады.
Конференция аясында білім беру сапасын арттыруға, педагогтардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге, оқушыларды сапалы біліммен және тәрбиемен қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру процесіне заманауи технологияларды тиімді енгізуге ерекше көңіл бөлінді.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша біздің түлектердің нәтижелерін ерекше атап өтейін. Аудан оқушылары жақсы нәтиже көрсетті, бұл педагогтардың жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби жұмысының дәлелі. Түлектердің басым көпшілігі білім гранттарын иеленіп, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыру мүмкіндігіне ие болды. Бұл білім сапасының маңызды көрсеткіші және педагогтардың, оқушылар мен ата-аналардың бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады.
Іс-шара барысында білім беру жүйесін дамытуға, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын арттыруға елеулі үлес қосқан аудан мектептерінің педагогтары мен ұжымдары марапатталды. Үздік мұғалімдер мен білім беру мекемелеріне кәсіби шеберлігі, жұмысқа деген жауапкершілігі мен қол жеткізген нәтижелері үшін алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табыс етілді.
Білім беру жүйесінің тұрақты дамуы ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты педагогтардың кәсiби дамуын қолдау, оқушылар үшiн қолайлы жағдайлар жасау және бiлiм беру сапасын жүйелi түрде арттыру басым мiндеттер болып қала бередi.
Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, педагогтардың кәсіби дамуына және оқушылардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасауға баса назар аудара отырып, осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру маңызды.
Тамыз конференциясы