Мектепке дейін қауіпсіз жол: полиция мектеп автобустарын тексеруде

Мектепке дейін қауіпсіз жол: полиция мектеп автобустарын тексеруде

Мектепке дейін қауіпсіз жол: полиция мектеп автобустарын тексеруде

Жаңа оқу жылының басталуымен балалардың мектепке қауіпсіз жетуіне ерекше көңіл бөлінуде. «Қауіпсіз жол» арнайы жобасы аясында ШҚО Полиция департаментінің әкімшілік полиция қызметкерлері оқушылардың ұйымдасқан топтарын күнделікті тасымалдайтын мектеп автобустарына тексеру жүргізуде.

Полиция қызметкерлері көліктің техникалық жағдайын, дәрі қобдишалары мен өрт сөндіргіштердің болуын, сондай-ақ жүргізушілердің құжаттары мен қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексеруде.

Осы оқу жылында облыс бойынша 126 мектеп автобусы күн сайын 4 500-ден астам оқушыны тасымалдайтын болады.

Басты міндет – әр баланың мектепке және үйіне қауіпсіз жетуін қамтамасыз ету. Осыған байланысты балаларды тасымалдауды ұйымдастыруға бақылау тұрақты түрде жүргізіліп, оқу жылы бойы жалғасады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі