«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету туралы

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет  көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметі келесі тұлғаларға көрсетіледі:

  • психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға;
  • тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;
  • психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
  • бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
  • егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
  • egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін жүгінген кезде «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды:

  • Қағидаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш;
  • көрсетілетін қызметті алушының ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжат;
  • Қағидаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
  • Балалар үшін - психологиялық медициналық педогогикалық кеңес қорытыңдысының көшірмесі.

Көрсетілетін қызетті алушының ақпараттық жүйелерде мәліметтері болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Анықтамалар және  түсіндірмелерді «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нен, мекен-жайы:Уалиханов к-сі 5, № 8,12 кабинет,  7-79-62, 4-87-73 телефоны бойынша сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін алуға болады. Түскі үзіліс 13:00-14:30.