Бүгін Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс 50-сессиясы өтіп, тұрақты комиссиялардың құрамы мен басшылығына қатысты өзгерістер қаралды.
«Республика» партиясынан Құрылтай депутаты болып сайлануына байланысты Руслан Идрисовтың Алматы қаласы Мәслихатының депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Осыған байланысты және ротация аясында тұрақты комиссиялардың құрамы мен басшылығына бірқатар өзгеріс енгізілді.
Кәсіпкерлік, инвестициялар, туризм және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Асқар Бискультанов сайланды.
Құрылыс, сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары және қоғамдық кеңістіктерді дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияны Бақытбек Жұмабаев басқаратын болды. Комиссия төрағасының орынбасары болып Дулат Тастекей сайланып, құрамына Кристина Бекмурзаева енді.
Денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Қайрат Бегалин, төрағаның орынбасары болып Диана Ерлан сайланды.
Экономика және қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту, қоғамдық қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары болып Мұхтар Зүлеев сайланды. Комиссия құрамына Зәуреш Өмірбаева мен Алмат Ахметов енді.
Мәдениет, спорт, ішкі саясат, дін және жастар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары болып Қарашаш Джузеева сайланып, комиссия құрамына Азамат Сырғабаев енді.
Ұсынылған өзгерістер депутаттар тарапынан қолдау тауып, сессия шешімімен бекітілді.