Отырыста Жарқайың аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағанның есепте тұрғаны туралы өтініші, сондай-ақ «Жарқайың аудандық ауруханасының» дәрігерлік амбулаториясының өмірлік қиын жағдайдағы отбасы балаларына медициналық көмек көрсету бойынша жұмысы қаралды
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Арай Әбенованың төрағалығымен Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жоспарлы отырысы өтті.