Электросамокат жүргізушілеріне жаңа талаптар күшіне енді

Электросамокат жүргізушілеріне жаңа талаптар күшіне енді

25 тамыздан бастап электросамокаттарды пайдалану тәртібіне қатысты жаңа талаптар күшіне енді.

Электросамокат жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өздерінің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

1. Қай жерде жүруге болады?

Егер велосипед жолы немесе велосипед жолағы болса, электросамокатпен тек солар арқылы жүру қажет.

Велосипед инфрақұрылымы болмаған жағдайда жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен қозғалуға болады.

Тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарында электросамокатпен жүруге тыйым салынады.

2. Автомобиль жолының жүру бөлігінде қозғалу

Электросамокатпен жолдың жүру бөлігінде тек:

  • 18 жасқа толған;

  • кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар;

  • қорғаныш шлемін пайдаланатын азаматтар ғана қозғала алады.

3. Негізгі тыйымдар

Электросамокат жүргізушісіне:

  • жолаушы тасымалдауға;

  • рөлді кемінде бір қолмен ұстамай басқаруға;

  • жаяу жүргіншілер өткелінен самокаттан түспей өтуге;

  • қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерсіз жолдың жүру бөлігімен қозғалуға;

  • электросамокатты басқару кезінде телефон пайдалануға тыйым салынады.

4. Жаяу жүргіншілер өткелінен өту тәртібі

Жолды жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өткен кезде электросамокат жүргізушісі самокаттан түсіп, оны жанында жетектеп өтуі тиіс.

⚠️ Жол қозғалысы ережелерін сақтау — әрбір азаматтың міндеті. Қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарайық!

https://www.instagram.com/reel/DciP7NWs3rw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==