«Мектепке жол»: Атырау қалалық пробация қызметі аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетті

«Мектепке жол»: Атырау қалалық пробация қызметі аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетті

Акция барысында еріктілер тарапынан дайындалған мектеп құралдары әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына табысталды. Бұл көмек балалардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік берді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, балалардың білім алуына жағдай жасау және қоғамдағы қайырымдылық пен өзара көмек құндылықтарын дәріптеу. Игі бастама балаларға қуаныш сыйлап, жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауға септігін тигізді.