Департаментте Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты тақырыптық кітап көрмесін өкізілді.
Шараның мақсаты қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына тигізер кері әсері туралы кеңінен хабардар ету, құқықтық сауаттылық пен мәдениетті арттыру, сондай-ақ бойларына адалдық, парасаттылық пен әділдік қасиеттерін қалыптастыру.
Ұйымдастырылған көрмеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, ҚР заңнамалық жинақтары, осы саладағы ғалымдар мен сарапшылардың ғылыми еңбектері, мерзімді басылымдарда жарық көрген сараптамалық мақалалар және ақпараттық-танымдық парақшалар (буклеттер) қойылды.
Іс-шара барысында қызметкерлер қоғамда парасаттылық пен жемқорлыққа қарсы төзімділікті қалыптастырудың маңыздылығы талқыланды.