Биылғы педагогтер жиыны “Адам капиталы, білім, прогресс -Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары” тақырыбында өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан жиында білім саласының алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері айқындалды.
Президент ұстаздардың еңбегіне тоқталып, педагогтерді артық қағазбастылықтан, бітпейтін есептен және қажетсіз тексерістерден арылту қажеттігін айтты.
Сондай-ақ мұғалімдерді аттестациядан өткізу талаптарын оңтайландыру жөнінде тапсырма берді.
Бұл – педагогке сенім білдіріп, оның уақытын ең басты жұмысына – балаға сапалы білім мен тәрбие беруге бағыттауға мүмкіндік беретін маңызды қадам.
Президентіміз аймақтар арасындағы білім сапасына қатысты алшақтықты жоюды, дарынды балаларды қосымша ынталандыру шараларын қабылдауды тапсырды.