2026 жылғы 19–21 тамыз аралығында №3 МӘС бөлімі мүгедектігі бар адамдарды куәландыру және қайта куәландыру мақсатында Аягөз ауданында көшпелі отырыста болды. Көшпелі отырыс барысында ДКК және ЕПМ дәрігерлерімен кеңес өткізілді, онда МӘС-тің өзекті мәселелері талқыланды: адамдарды МӘС-ке жіберудің негізділігі мен уақтылығы, тексерулердің толықтығы, ОЖБ қалыптастыруда мүгедек адамдардың қажеттілігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және тағы басқалар. Отырыс барысында қатысқан дәрігерлерге сұрақтар мен түсініктемелерге жауаптар берілді.
№ 3 МӘС Аягөз ауданында көшпелі отырыста болды