Санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы мәселелері бойынша кездесу өткізілді

Санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы мәселелері бойынша кездесу өткізілді

2026 жылғы 24 тамызда Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Алматы-1 теміржол вокзалына күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатқан бас мердігер – «Заман Құрылыс» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында вокзал үй-жайларының қолжетімділігін қамтамасыз ету, олардың белгіленген санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ медициналық көмекке мұқтаж жолаушыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және балалары бар ата-аналарға тиісті жағдай жасау мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша жобалық құжаттамаға және қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес үй-жайларды тиісті түрде жабдықтауды қамтамасыз ету ұсынылды.