МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!

МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!

МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!


Мал ұрлығының алдын алу — әрбір мал иесінің жауапкершілігі. Малдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарапайым сақтық шараларын сақтаудың маңызы зор.
- Мал қораларының есік-терезелерін берік бекітіңіз;
- Мал жайылымда жүрген кезде қараусыз қалдырмауға тырысыңыз;
- Малдың таңбасы, биркасы және басқа да сәйкестендіру белгілерінің болуын қадағалаңыз;
- Мал жоғалған жағдайда уақыт өткізбей тиісті органдарға хабарласыңыз;
- Күдікті адамдарды немесе көлік құралдарын байқасаңыз, ақпаратты құзырлы органдарға жеткізіңіз;
- Мал сатып немесе сатқан кезде қажетті құжаттардың дұрыс рәсімделуіне назар аударыңыз.
  Есте сақтаңыз!
Малдың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау ұрлық қаупін арттыруы мүмкін.
  Ауыл тұрғындарының қырағылығы мен өзара жауапкершілігі — мал ұрлығының алдын алудың маңызды кепілі.