Ақтауда орталық жол уақытша жабылады

Ақтауда орталық жол уақытша жабылады

Ақтау қаласында 35, 34А, 32А, 32Б шағын аудандарының қиылысынан бастап, 31А, 31Б, 32А, және 32Б шағын аудандарының қиылысына дейінгі автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстары аясында жолдың асфальт жабындысын қыру және жаңа асфальт жабындысын төсеу жоспарлануда.

Осыған байланысты аталған автомобиль жолының учаскелері 26–27 тамыз күндері аралығында уақытша жабылатын болады.

Жүргізушілер мен қала тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі