Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының өзіндік ерекшеліктері бар. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартады. Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық Кодекстің 29-тарауы бойынша туындайды, ол 521-баптан басталып, 558-баппен аяқталады. Істерді лауазымды тұлғалар – мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері және сот қарайды. Кодекстің 720-бабында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің қарауына жататын баптардың тізбесі көрсетілген.
Құқық бұзушылықтардың ең жиі кездесетін санаттары:
-
Тауарларды кедендік декларациялау тәртібін бұзу – Кодекстің 535-бабы. Декларанттың және (немесе) тауарларды кедендік декларациялау тәртібінің кедендік өкілінің, яғни тауарларды кедендік декларациялау және кедендік декларациялау тәртібі бойынша белгіленген кеден заңнамасының талаптарын сақтамауы. Бұл ескерту жасауға, ал әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда – жиырма бес АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
-
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртібін сақтамау – Кодекстің 545-бабы. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тыйымдар мен шектеулерді сақтамай, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, оның ішінде қажетті лицензияларсыз, сәйкестік сертификаттарынсыз, қорытындыларсыз тауарларды әкелу немесе әкету. Жеке тұлғаларға – 15 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК мөлшерінде тауарлар мен көлік құралдарын тәркілей отырып айыппұл салуға не олар әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе нысанасы болып табылса, онсыз айыппұл салуға әкеп соғады.
-
Тауарларды декларацияламау немесе дұрыс декларацияламау, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау, кедендік құжаттарда мәліметтерді дұрыс көрсетпеу. Құқық бұзушылықтың мәні – белгіленген нысан бойынша тауарлар туралы анық мәліметтерді, оның ішінде тауарлардың атауын, саны, құнын, салмағын, СЭҚ ТН кодын, шыққан елін немесе кедендік рәсімнің дұрыс таңдалуын көрсетпеу, сондай-ақ қолма-қол ақша қаражатын немесе ақша құралдарын рұқсат етілген нормадан жоғары мөлшерде декларацияламау. Жаза құқық бұзушылықтың сипатына байланысты белгіленеді және төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар сомасына пайызбен есептелетін айыппұлды қамтуы мүмкін.
Жауапкершіліктен қалай құтылуға болады:
-
Коммерциялық партиялар, тауарлар, автомобильдер, жабдықтар әкелмес бұрын алдын ала кеңес алыңыз, ШҚО бойынша МКД-ге жүгініңіз.
-
Барлығын адал декларациялаңыз, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.
-
Егер тексеру басталғанға дейін құқық бұзушылық туралы өзіңіз ерікті түрде хабарласаңыз, бұл жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай болуы мүмкін.
Кеден заңнамасын сақтау – сыртқы экономикалық қызметті кедергісіз жүргізудің және елдің экономикалық мүдделерін қорғаудың кепілі.