КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТЕДІ

КЕШЕНДІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТЕДІ

2026 жылдың  26–28 тамыз күндері Төлеби ауданында кешенді оқу-жаттығу өтеді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – төтенше жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік органдар мен тиісті қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау, азаматтық қорғау жүйесінің әзірлігін бағалау және ықтимал қауіптердің алдын алу бойынша іс-шараларды жетілдіру.

Оқу-жаттығу барысында жауапты құрылымдардың төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылы, күштер мен құралдардың дайындығы, сондай-ақ белгіленген міндеттерді жедел әрі үйлесімді орындау мүмкіндіктері пысықталады.

Аудан тұрғындарынан оқу-жаттығу барысында сабыр сақтап, жауапты қызметтердің талаптары мен нұсқауларын орындауды сұраймыз.

©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі