Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 68 және 71-баптарына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:
- «Алакөл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
жұмыс уақытының басталуы 2026 жылдың 01 қыркүйектен бастап сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін болып бекітілсін.
- Осы өкімнің мәтінімен облыс көлеміндегі барлық мәслихаттар, өзге де
мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар хабардар етілсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау «Алакөл аудандық мәслихатының
аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы Т.Зейнешовке жүктелсін.
Мәслихат төрағасы Д.Е.Каримов