ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — ЖОМАРТТЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — ЖОМАРТТЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

​«Ауылдан адам кеткенмен, адамнан ауыл кетпейді» дегендей, қазіргі таңда басқа өңірде тұрса да, туған жеріне үнемі қамқорлық танытып жүретін ауылымыздың тумасы Гүлбаран Нүсіпова апамыз кезекті сауапты ісін жасады.
​Жылдағы игі дәстүрінен жаңылмай, Гүлбаран апамыз бұл жолы да ауылымыздағы 10 отбасыға азық-түліктей үлкен көмек беріп, қуаныш сыйлады.
Жүрегі туған жер деп соққан жанашыр апамыздың бұл қадамы — өзгелерге де үлкен үлгі-өнеге.

​Алғыс: Ауыл тұрғындарының атынан Гүлбаран апамызға шексіз алғысымызды білдіреміз!