Зеренді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» акциясы өтті

Зеренді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» акциясы өтті

24 тамызда «Ашық есік күні» акциясы аясында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Зеренді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
​Іс-шара барысында салық салудың өзекті мәселелері, салық заңнамасы нормаларын қолдану, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі қаралды.
​Шаруа қожалықтарын тіркеу, салық төлеу бойынша берешекті өндіріп алу, 270.00-нысанды (Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны) тапсыру, жергілікті салықтарды төлеу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың салық төлеушілермен өзара іс-қимылының ашықтығы мен сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.