ШҚО-ның Үлкен Нарын ауданында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

ШҚО-ның Үлкен Нарын ауданында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

ШҚО ТЖД және ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС мәліметінше, жерасты дүмпулері 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 19:31:56-да тіркелді. Магнитудасы – MPV: 4,7, энергетикалық класы – 9,7. Үлкен Нарын ауылындағы есептік қарқындылық 2 балды құрады.

ҚР ТЖМ атап өткендей, жер сілкінісінің алғашқы минуттары шешуші рөл атқаруы мүмкін. Сондықтан қажетті заттарды алдын ала дайындап, «дабыл сөмкесін» дайын ұстау маңызды.

– «Дабыл сөмкесі» ең күтпеген сәтте уақытты үнемдеуге көмектеседі. Қауіпсіздікке дайындықты бүгіннен бастаңыз. Сейсмикалық қауіпті аймақтарда тұратын тұрғындарға алдын ала «дабыл чемоданын» дайындау ұсынылады. «Дабыл чемоданы» – шартты атау, оны «төтенше жағдайларға арналған сөмке» немесе «өмірді сақтауға арналған жинақ» деп атауға болады.

Оған үш тәулікке қажетті заттарды салу керек: су (бір адамға 3–4 литр су), азық-түлік (консервілер, жоғары калориялы тағамдар), дәрі-дәрмектер (медициналық қобдиша), дыбыстық және жарық сигналдарын беру үшін ысқырық пен қолшам, құжаттар, жеке гигиена құралдары (сүлгі, сабын және т.б.), жылы киім (қосалқы күрте, көрпе және т.б.), маңызды/қажетті ақпаратты алу үшін радиоқабылдағыш, балаларға қажетті заттар, отбасының фотосуреті және басқа да қажетті бұйымдар, – делінген ҚР ТЖМ сайтында.

ШҚО ТЖД жер сілкінісі кезінде әрекет етудің 10 қарапайым қадамын алдын ала ойластырып қою қажеттігін еске салады:

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттардағы негізгі іргелес қабырғалардың бұрышында жасырыңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көпқабатты үйлерде жер сілкісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  1. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігінше өшіріңіз;
  2. Дабыл сөмкесін алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  3. Электр желілерінен, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  4. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  5. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.