Ақтаулық Алтын Айтуарова 2015 жылдан бері көлік тізгіндеп келеді. Ел арасында ол «Шумахер апа» атымен танылған.
58 жастағы көлік жүргізушісі Құрылтай депутаттарының сайлауынан қалыс қалмай, азаматтық міндетін орындады.
– Көлік тізгіндеп жүргеніме 10 жылдан асты. Көлік жүргізуге қызығушылық танытқан қыз-келіншектерге дәріс те беремін. Бүгінгі сайлауға өз көлігіммен келіп, дауысымды бердім. Барша қала тұрғындарын дауыс беруге шақырамын, – деді Алтын Айтуарова.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Шумахер апа» атымен танылған Алтын апа сайлауда дауыс берді