Ақтауда сайлау учаскелерінде сауда және қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылуда

Ақтауда сайлау учаскелерінде сауда және қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылуда

Ақтау қаласында 23 тамыз – Құрылтай депутаттарының сайлауы күні жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылуда.

Аталған іс-шараға 30-дан астам кәсіпкер қатысып, жәрмеңке қала аумағындағы 5 орында, 11 сайлау учаскесінде өтуде.

– Барша қала тұрғындарын саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға және жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін қолдауға шақырамын, – деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Зухра Бермағанбетова.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі