Tomorrow School — Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы AI және бағдарламалау мектебі. Орал қаласындағы оқу М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің базасында, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді.
Бағдарлама практикаға негізделген: қатысушылар өз бетімен білім алып, командамен жұмыс істейді, нақты жобалар әзірлейді және оқу барысында портфолиосын қалыптастырады.
💡 Бағдарламада: — тегін оқу мүмкіндігі — портфолиоға арналған 50-ден астам жоба — Go, JavaScript, Rust және Python тілдері — AI, Cybersecurity, Blockchain және басқа да бағыттар — peer-to-peer форматындағы оқу — комьюнити, нетворкинг және тәулік бойы ашық кампус
📌 Маңызды күндер: Өтінім қабылдау: 21 тамызға дейін Check-In: 21 тамыз «Бассейн» кезеңі: 24 тамыз – 19 қыркүйек
Қалай қатысуға болады? 1️⃣ tomorrow-school.ai сайтына кіріңіз 2️⃣ Анкетаны толтырыңыз 3️⃣ Іріктеу кезеңінен өтіп, оқуға қосылыңыз