«Қазақстанның барысы» өз таңдауын жасады

«Қазақстанның барысы» өз таңдауын жасады

«Қазақстан барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы Жантілек Нұртілепұлы Құрылтай депутаттарының сайлауынан тыс қалмай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысты.

Спортшы Ақтау қаласындағы №252 сайлау учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасады.

– Маңызды саяси науқан – сайлауға келіп, өз таңдауымды жасадым. Бұл – менің спортшы ретінде де, қала тұрғыны ретінде де азаматтық міндетім. Сондықтан әр азаматтың сайлауға қатысуы маңызды деп санаймын, – деді Жантілек Нұртілепұлы.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі