ӨКІЛ АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОНЛАЙН-ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

ӨКІЛ АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОНЛАЙН-ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ
2026 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған онлайн-тренингке қатысты.
Тренинг барысында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер таныстырылып, олардың іс жүзінде қолданылу ерекшеліктері түсіндірілді.
Іс-шара барысында адам саудасының алдын алу, адам саудасынан зардап шеккен адамдардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ осы бағыттағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, тренингке қатысушылар адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, практикалық тұрғыдан маңызды сұрақтарды талқылады.